Skip to content
Басты бет / Денсаулық / Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы жеке қабылдау өткізді

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы жеке қабылдау өткізді

239

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Садықбекұлы Нышанов бекітілген кестеге сәйкес, онлайн түрде азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылып, Кентау қаласының тұрғыны жәрмеңкеде орын алған санитариялық ережелерді бұзушылық бойынша айыппұл салуды сұрады.

Департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару мекемелерінен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнаманы бұзғаны жөнінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар (өтініштер) түскен жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімішілік жауапкершілікке тартудың тәртібін түсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *