Жас ұрпақтың дұрыс дамуы, өсуі үшін балабақшаларда ең маңызды мәселелердің бірі санитариялық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуы.
Тұрғын үйлерде орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын негізгі талаптарды ата айтсақ:
көп пәтерлі тұрғын үйлерде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын, балалар толық емес уақыт болатын МДҰ үшін жеке жер учаскесі көзделмейді.
МДҰ-ды жеке тұрған ғимаратта, жеке үй иеліктерінде, көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабаттарында, сондай-ақ ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылады.
МДҰ-ды көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында тұрғын үй-жайлар болмаған жағдайда оның екінші қабатына орналастыруға жол беріледі.
көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабаттарында орналасқан МДҰ-ның тұрғын үйдің кіреберісімен біріктірілмеген жеке кіретін есігі болады.
МДҰ-ды көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабаттарында орналастыру кезінде тұрғындардың тіршілік әрекетінің санитариялық-гигиеналық жағдайларының нашарлауына жол берілмейді (шу, тамақ иісі).
көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабатында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылған МДҰ-ның қоқысын жинау үшін тұрғын үйдің ортақ қоқыс салғыштары немесе контейнерлері пайдаланылады.
көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабаттарында орналастырылатын, балалардың есептік саны 30-дан аспайтын сыйымдылығы 3 топқа дейінгі МДҰ-да тамақты аймақтау (тарату орны, шикі өнімдерді, дайын өнімдерді өңдеуге арналған, ас үй ыдыстарын жууға арналған) сақталған жағдайда кемінде 12 м2 болатын үй-жай алаңдарында дайындауға жол беріледі. Тамақ өнімдеріне арналған қоймалар болмаған жағдайда сатып алу бір аптадан аспайтын уақытқа жүзеге асырылады;
көп пәтерлі тұрғын үйдің алғашқы екі қабаттарында орналасқан, балалардың есептік саны 30-дан аспайтын үш топқа дейінгі сыйымдылығы бар МДҰ-да медицина қызметкері үшін жеке жұмыс орнын бөлу.
Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы. Жас ұрпақтың дені сау, білімді болса, болашағымыз жарқын болмақ.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов