Пятница, 2 мая, 2025
29.7 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРТұрғын үй кезегіне қойылды

Тұрғын үй кезегіне қойылды

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 100-ге жуық өтініш келіп түскен.

Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.

Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.

Мәселен, Департаментке Жетісай ауданының тұрғынының тұрғын үй кезегіне есепке қоюға қатысты арызы келіп түскен.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидасымен реттеледі (ҚР ӨЖҚМ 27.12.2023ж. № 168 бұйрық).

Шағымды қарау барысында, тиісті ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардың орын алуына байланысты арыз иесі тұрғын үй кезегіне өтініш бере алмағаны анықталды.

Бұл ретте, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның

5-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

Осы тұста, Департаменттің ықпалымен ақпараттық жүйеге жауапты мекемелерімен бірлесіп, техникалық ақаулықтар жойылды.

Нәтижесінде, көрсетілетін қызметті алушының құқықтары толығымен қалпына келтірілді және заңға сәйкес тұрғын үй кезегіне қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Сізге мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Түркістан қаласы, Жаңа қала ықщам ауданы 32 көше 16 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе 8 (725 33) 5-94-72 нөмірі бойынша, сондай-ақ «Sapaly qyzmet» телеграмм боты арқылы хабарлама қалдыруыңызға болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

НАУРЫЗБАЕВ Абылайхан Дағыстанұлы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ