Суббота, 18 октября, 2025
15.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеумет"Таза Қазақстан" акциясы аясында аудан аумағында сенбілік ұйымдастырылды

“Таза Қазақстан” акциясы аясында аудан аумағында сенбілік ұйымдастырылды

2025 жылдың 18 қазан күні аудан аумағында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өткізілді. Аталған шара өңірдегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ күзгі көгалдандыру жұмыстарына дайындықты жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Сенбілік жұмыстарына аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, білім беру ұйымдарының ұжымдары мен еріктілерден құралған жалпы саны 1500-ге жуық адам белсене атсалысты. Қатысушылар тарапынан аудан бойынша 4,7 шақырымды құрайтын арық-атыздар аршылып, аулалар мен қоғамдық орындар тазартылды. Нәтижесінде бейберекет жиналған 12,5 тонна тұрмыстық және құрылыс қалдықтары арнайы полигондарға тасымалданып, жойылды.

Тазалық жұмыстары барысында барлығы 16 дана арнайы техника, соның ішінде жүк көліктері, тракторлар мен тиегіш механизмдер жұмылдырылды. Бұл техникалар арқылы қалдықтарды шығару, жер өңдеу және басқа да ауыр жұмыстар жүйелі түрде атқарылды.

Сонымен қатар, күз мезгіліндегі көгалдандыру жұмыстарына дайындық жүргізу мақсатында болашақта көшет егу жоспарланған аумақтарда топырақ өңдеу жұмыстары қолға алынды. Атап айтқанда, жер жырту, арық қазу және шұңқыр дайындау жұмыстары жоспарға сай ұйымдастырылды. Бұл шаралар келесі кезеңдегі көшет отырғызу жұмыстарын тиімді әрі уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігі тарапынан қолға алынған бұл сенбілік тек санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар табиғатты аялау, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру бағытындағы маңызды қадам болып отыр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ