Суббота, 23 августа, 2025
26.7 C
Мырзакент
ҮйСЭСШомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктергеқойылатынсанитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Шомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктергеқойылатынсанитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жүзу бассейндері, аквапарктер жазғы маусымда тұрғындардың жиі баратын демалыс орындарына айналады. Демалыс орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар  ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шілдедегі  «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №ҚР ДСМ-67  бұйрығымен реттеледі. Объектінің әкімшілігі бассейннің суын санитариялық-химиялық (иісі, түсі, лайлылығы, температурасы, сутектік көрсеткіш, бос қалдық хлор, байланған қалдық хлор, озон (озондау кезінде), перманганатты тотығу, хлороформ, формальдегид (озондау кезінде), аммоний азоты), микробиологиялық және паразитологиялық (ішек инфекцияларының қоздырғышы, көк іріңді таяқшалар, лямблия цисталары, гельминттер жұмыртқалары мен дернәсілдері, легионелла) көрсеткіштерге зерттеу жүргізеді, сондай-ақ бассейндер залындағы ауа жағдайына, микроклимат параметрлерін, ауа қозғалысының жылдамдығын зертханалық бақылауды, үй-жайларды ағымдағы жинау және дезинфекциялау тиімділігін зертханалық бақылау жүргізуді қамтамасыз етуі қажет. 

Бассейндерді тұрғын ғимараттарда орналастырған кезде қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау көзделеді. Бассейн үй-жайлары ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындарынан, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймаларынан тұрады. Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) жүріп-тұру реттілігін қамтамасыз етуі қажет. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады. Айналма жолдар, бассейннің қабырғалары мен түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болуы керек. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады. Спорттық-сауықтыру бассейндерінде суды алмастырудың рециркуляциялық жүйесі қолданылады, шағын бассейндерде көлемі 70 текше метрден аспаса судың толассыз ағысы қолданылады. Рециркуляциялық ауыстыру кезінде бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 % су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады. Бассейінге жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру және ұқсас залалсыздандыру әдістері). Хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің автономды жүйелерімен жабдықталады. Бассейннің үй-жайлары мен шарасын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, егер қажет болса, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, жатақтарды, дөңгелектерді дезинфекциялау жүзеге асырылады. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, шомылу киімі), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі қабылдайды. Бассейнде айналысатын адамдардың жеке гигиена қағидаларын сақтауын бақылауды бассейн әкімшілігі қамтамасыз етеді. Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуге жатады.

Жоғарыда аталған талаптарды сақтамау тері және шырышты қабық инфекцияларын (тері микоздары, папилломавирустар, импетиго, конъюнктивит, отит), асқазан-ішек инфекцияларын (ротавирус, норовирус, криптоспоридиоз, гиардиаз, шигеллез, эшерихиоз), жыныстық жолмен де берілуі мүмкін кейбір инфекцияларды (герпес вирусы, HPV), тыныс алу жолдарының инфекцияларын (легионеллез, аденовирустар) және басқа да инфекциялардың жұғуына алып келеді. Сондықтан да бассейнде, аквапаркте шомылу сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізбей, тек пайдалы болу үшін осы талаптардың сақталуын ескеріңіз!!!

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н. Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ