Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйСЭССАНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР - Жармаханов Әшімхан

САНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР – Жармаханов Әшімхан

Жармаханов Әшімхан 1934 жылы 1 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1952-1958 жылдар аралығында Алматы қаласындағы мемлекеттік дәрігерлік институтының санитарлық факультетін бітіріп шыққан.

Сол жылы Келес ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер эпидемиологы болып орналасқан. 1961-1963 жылдар арасында Шымкент қаласында облыстық партия комитетінде денсаулық жөнінде нұсқаушы болып қызмет атқарған. 1963 жылы ақпан айынан бастап, Киров аудандық денсаулық бірлестігіне бас дәрігер болып тағайындалды.

1963 жылы 13 ақпан күні, Мақтаарал, Жетісай, Киров аудандарын Қазақстанның аумағынан Өзбек ССР-на өтіп, сол жерде 8,5 жыл еңбек етті. Еңбек еткен дәрігерлердің жоғарғы дәрежесінің дәлелі сол кездегі Киров, Жетісай аудандары 1-ші орынды Сырдария облысы бойынша көп жыл басқа аудандарға бермей отырған.

1974 жылы 8 мамырдан бастап Жетісай ауданына санитарлық-эпидемиологиялық станциясына бас дәрігер болып тағайындалған. Жетісай санитарлық-эпидемиологиялық станциясының ұжымымен аса қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау, жұқпалы ауруларға қарсы уақтылы екпелер егу, халықты таза сумен қамтамасыз ету, дұрыс тамақтану және тамақтан уланудың алдын алудағы санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде жүргізе отрып, ауданның эпидемиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлкен үлес қосқан.

Басшылық ету жылдары аса қауіпті тырысқақ ауруының, іш сүзегі, сібір жарасы, дифтерия, вирусты гепатиттің «А» жұқпалы ауруларының жұқтыру көздерін жою және аурудың таралуының алдын алудағы эпидемиологиялық іс-шараларды жүргізе отырып, аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтуға үлес қосқан басшы.

1996 жылдың қыркүйегіне дейін 22 жыл көлемінде аудандық СЭС-ті басқарып Медицина үздігі, Еңбек Қызыл Ту орденімен бірнеше медальдармен марапатталған. Жетісай қаласының және Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы болған. Жұбайы Тұрсын Оспанбекқызы Жангелдинова екеуі, 6 перзентінен 14 немере сүйген.

2019 жылы 85 жасында дүниеден өтті.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ