Понедельник, 13 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйСЭССАНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР - Бабина Лариса Александровна

САНИТАРИЯ САЛАСЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ТҰЛҒАЛАР – Бабина Лариса Александровна

Санитария саласына еңбегі сіңген тау тұлғалардың бірі өзі ісінің нағыз шебері- Бабина Лариса Александровна.

Лариса Александровна Қарағанды медициналық институтын дәрігер-гигиенист мамандығы бойынша бітіріп, 1976 жылы Шымкент облысынан Түркістан қаласына қызмет бабымен жіберілді.

Өзінің санитарлық дәрігер қызметін Түркістан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде коммуналдық гигиена бөлімінде бастап, 1980-1990 жылдары санитарлық бөлімде тамақтану гигиенасы бойынша дәрігер-гигиенист болып жұмыс істеді.

Өмірінің соңғы жылдарына дейін санитария бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Білікті де білімді маман Лариса Александровна 2003 жылы өмірден өтті. Әріптесіміздің ерен еңбектері әрқашан жадымызда болады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ