Радиотехникалық объектілерге қоршаған ортаға 30 кГц-300 ГГц радиожиілік диапазонында электрлі магниттік тербелістерді технологиялық сәулеленетін радиотехникалық бейіндегі объектілер жатады. Өңірде 2023 жылдың басынан ұялы байланыс антенналарды орналастыруға қатысты 282 жобаға қорытынды берілген.
Қорытынды алуға өтініш білдірген жеке және заңды тұлғалар мен ұйымдар өтініштерімен қоса Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-19 бұйрығының қосымшасына сәйкес, жоба құжаттамасын ұсынып, РТО-ның сипаттамасы сол жобада толық көрсетіледі.
Радиотехникалық объекті жеке және заңды тұлғалардың көрсеткен жобалау құжаттамасындағы сипаттамаларға және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыға сәйкес болуы тиіс.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков