Среда, 29 октября, 2025
22 C
Мырзакент
ҮйСЭСӨндірістік жарақаттанудың алдын алу

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл шаралар жүйесі қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың және кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша негізгі іс-шаралар:

1. Өндірістік нысандар мен жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі талаптарына және санитарлық нормаларға сәйкес жабдықталуы тиіс. Қауіпті аймақтар тиісті белгілермен белгіленіп, қоршаулар орнатылады. Өндірістік жабдықтар мен құралдардың техникалық жарамдылығына тұрақты түрде бақылау жүргізіледі.

2. Ұйымдағы барлық қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бойынша нұсқамадан өтеді. Қауіпті әрі зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы оқыту курсынан өтіп, біліктілігі мен қауіпсіздік саласындағы білімдері тексеріледі.

3. Жұмыс беруші қызметкерлерді қажетті жеке қорғаныс құралдарымен (арнайы киім, каска, қолғап, көзілдірік, респиратор және т.б.) қамтамасыз етуге міндетті. Қорғаныс құралдарының техникалық жарамдылығы мен тазалығы үнемі бақылауда болуы тиіс.

4. Жұмыс орындарында температура, ылғалдылық, жарықтандыру, шу және діріл деңгейі белгіленген санитариялық нормаларға сәйкес болуы қажет. Өндірістік факторлардың зиянды әсерін төмендету мақсатында тиісті инженерлік және ұйымдастырушылық шаралар қабылданады.

5. Қызметкерлер алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өтуі тиіс. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері бар тұлғалардың қауіпті жұмыстарға жіберілуіне жол берілмейді.

6. Еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әрбір қызметкердің міндеті болып табылады. Қауіпсіздік ережелерін бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік немесе әкімшілік шаралар қолданылады.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты. Жұмыс беруші мен қызметкердің өзара жауапкершілігі мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмауға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ