Понедельник, 13 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйСЭСОқу жиһазының өлшемі және оның оқушы денсаулығына ықпалы

Оқу жиһазының өлшемі және оның оқушы денсаулығына ықпалы

Оқу жиһазының (парта мен орындықтың) өлшемі оқушылардың жас ерекшелігіне және бойына сәйкес болуы тиіс. Үстел мен орындықтың биіктігі оқушы бойына сәйкес келмесе, омыртқаның қисаюы, көру қабілетінің төмендеуі, жалпы шаршағыштық пайда болады. Ал бойына сәйкес орналасқан жиһаз оқушының ұзақ уақыт бойы жайлы отыруына, оқу процесінің тиімді өтуіне ықпал етеді.

Ең алдымен сынып тақтасының орналасуына тоқталсақ, парталардың үш қатарлы орналасу жағдайында тақта қабырғасынан әрбір қатардағы бірінші партаға дейінгі қашықтық кемінде 280 см болуы керек (яғни, 2,8 м аспау керек).

Артқы үстелдерден артқы қабырғаға (немесе бөлме аралық бөлікке) дейінгі қашықтық кемінде 160 см болуы керек.

Қатардағы үстелдердің арасы кемінде 50 см болуы керек.

Сынып бөлмесіндегі оқушының ең артқы орындығы мен сынып тақтасының арасындағы ең үлкен қашықтық – 860 см.

Оқу үстелдеріне жарық әдетте сол жақтан жанама жарықпен түсуі тиіс. Бұл оқушылардың көру жүктемесін азайтып, сабақ барысында көздің шаршауын болдырмайды.

Сынып бөлмесінде оқушылардың жұмыс аймағы, мұғалімге арналған орын, оқу-көрнекі құралдарын орналастыруға арналған арнайы кеңістік, оқушылардың жеке заттарына арналған бөлік, сондай-ақ топтық және жеке жұмыс жүргізуге қолайлы аймақтар қарастырылуы тиіс. Осындай кеңістіктердің үйлесімді ұйымдастырылуы оқу процесі үшін қолайлы жағдай жасайды.

Оқу партасы мен орындықтың биіктігі оқушының бойына сәйкес болуы ҚР ДСМ №76 “Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттеледі. Осыған сәйкес жиһаздың өлшемдері оқушының бой ұзындығына, үстел жиегінің еденнен биіктігіне және орындықтың алдыңғы жиегінің деңгейіне сәйкес есептеледі.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ