Понедельник, 13 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйСЭСОқу сөмкесінің салмағының оқушы денсаулығына әсері

Оқу сөмкесінің салмағының оқушы денсаулығына әсері

Оқу сөмкесінің салмағы оқушылардың денсаулығына тікелей ықпал етеді. Егер сөмке шамадан тыс ауыр болса, онда оқушы денсаулығына айтарлықтай әсер береді. Олар:

– Бала бүкірейіп жүреді, омыртқаның қисаюына (сколиоз, лордоз, кифоз) әкелуі мүмкін.

– Арқадағы, мойындағы және иықтағы бұлшықеттерге артық күш түседі, тиісінше қозғалыс белсенділігін төмендетеді.

– Дұрыс орналаспаса немесе ауыр болса, кеуде қуысына қысым түсіп, тыныс алу қиындайды.

– Баланың тез шаршауына, сабақтағы зейінінің төмендеуіне себеп болады.

– Бас ауруы, мойын мен белдің ауырсынуын тудырады.

Сөмке салмағы баланың дене салмағының 10–15%-нан аспауы тиіс және келесі талаптарды сақтау ұсынылады. Олар:

– Сөмкенің арқалықтары екі иыққа бірдей түсетіндей болуы қажет (бір иыққа асатынға тыйым салынады);

– Сөмкенің артқы бөлігі қатты әрі ортопедиялық болуы қажет;

– Салмақты тең бөлу үшін ішінде бірнеше бөлігі (қалтасы) болуы қажет.

Күн сайынғы оқу жиынының салмағы (кг):

– 1-3-сыныптардың білім алушылары үшін – 1,5-2,0 кг;

– 4-5-сыныптардың білім алушылары үшін – 2,0-2,5 кг;

– 6-7-сыныптардың білім алушылары үшін – 3,0-3,5 кг;

– 8-11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін – 4,0-4,5 кг-нан аспауы тиіс.

Сондықтан оқу сөмкесінің салмағын бақылау, оны дұрыс пайдалану және ортопедиялық талаптарға сәйкес таңдау – оқушылардың денсаулығын сақтау мен оқу үлгерімін арттырудың маңызды шарты болып табылады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ