Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді отбасы бюджетін қалыптастыру жолдарын, оны жоспарлау мен бөлудің негізгі алгоритмдерін, несие алу ережелері мен қайтару процесін, қаржы пирамидалары мен алаяқтар тұзағына түспеу жолдарын, бизнес жобаларды қаржыландыру көздерін үйрету мақсатында тегін семинарға қатысуға шақырамыз!
Семинар форматы түске дейін теория, түстен кейін – әр қатысушымен жеке консультация жасалып, бәрінің мәселелері қаралады. Ұзақтығы 5 күн.
Қатысуға өтініш беру үшін Мырзакент кенті, Мадиходжаев кенті №28 үйде орналасқан Мақтаарал ауданының дербес бөлімдеріне арналған ғимаратында «Халықтық кеңсеге» немесе Жаштаев көшесі №81 үйде орналсқан «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратына келіп өтініш бере аласыз.
Қосымша сұрақтар бойынша: Қожамбердиев Абылайхан Абылбекович (тел.: 87785964031), Абенов Шалкар Еркинбаевич (тел.: 87056389913).
(с) Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі