Мақтаарал ауданының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Түркістан облысы әкімінің «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу нұсқаулығына сәйкес, 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы аумағында 8-9 ақпан күндері аралығында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйелері іске қосылып тексерілетін болады.
Құлақтандыру қондырғылары іске қосылған уақытта үрейге бой алдырмай тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз!
Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі