Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
23.2 C
Мырзакент
ҮйMAKTAARAL TVНашақорлық пен синтетикалық есірткіге қарсы іс-шара өтті

Нашақорлық пен синтетикалық есірткіге қарсы іс-шара өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірге іс- шара өткізілді.

Шараның мақсаты- қазіргі таңда белең алған нашақорлық індетінің тамырына балта шабу, бүгінде бүкіл адамзат баласының өміріне қауіп төндіріп отырған нашақорлық пен есірткі бизнесі, синтетикалық есірткінің зияны және жастар мен жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Акция барысында ауданымыздың нашақорлықтың зардаптары жайлы арнайы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің зияны жайлы түсіндірілді.

Нашақорлық – қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Сондықтан да бұл бағыттағы шараларды көптеп өткізу күн тәртібіндегі маңызды істердің бірі екені даусыз. Келешек жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс жол таңдауға әрдайым ықпал ету бағытында осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ