Пятница, 1 августа, 2025
30.9 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚМырзакенттік кәсіпкерлерге ескерту жасалды

Мырзакенттік кәсіпкерлерге ескерту жасалды

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков республика көлемінде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Мырзакент кентіндегі санитарлық тазалық пен заңсыз кәсіпкерлік нысандарын ретке келтіру мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.

Рейдтің басты мақсаты – кенттің тазалығы мен тәртібін сақтау, бейберекет сауданың алдын алу және халыққа қолайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру.

Аудан әкімінің орынбасары С.Қожанов көшесін және базар маңын жаяу аралап, ондағы ретсіз орналасқан сауда нүктелері мен нысандардың сыртқы келбетіне, санитарлық жағдайына назар аударды.

Кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндіріліп, ретсіз саудамен күреске бірлесіп атсалысу қажеттігі айтылды. Қазіргі таңда заңбұзушылықтар бойынша айыппұлдар салынған жоқ, алайда бірқатар кәсіпкерге ресми ескертулер берілді. Сауда нысандарының иелеріне сыртқы көріністі тәртіпке келтіру бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

«Кәсіпкерлікке кедергі келтірмейміз, бірақ бәрі заң мен санитарлық талаптарға сай болуы тиіс. Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз», – деді Бижан Анарбеков.

Айта кетейік, мұндай рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, кәсіпкерлік қызметтің заң аясында жүргізілуі тұрақты бақылауда болады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ