Среда, 5 ноября, 2025
3.9 C
Мырзакент
ҮйСЭСМұндай өнімдерді сатып алудан бас тартыңыз

Мұндай өнімдерді сатып алудан бас тартыңыз

Қазіргі таңда ащы, қытырлақ таяқшаларын мектеп оқушылары арасында кеңінен тұтынуда. Оған себеп, әлеуметтік желілерде оларды жиі танымал блогерлер жарнамалайды. Мектеп оқушылары өздерінің кумирлеріне еліктеп, дүкен сөрелерінен сондай тауарларды сатып алады. Алайда, балалар ол өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпаратты білмейді.

Сондықтан, тұтынушы кез-келген тауарды пайдаланбас бұрын өнімнің қаптамасында жазылған ақпаратпен мұқият танысып, қаптама сыртында өнімнің дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, өнімнің құрамындағы заттар, сақтау шарттары, өнімді өндіруші туралы ақпараттар, қолданылуы бойынша нұсқамаларға ерекше мән беру керек.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы №274-IV Заңына сәйкес, қауіпсіздігі міндетті расталуға жататын тауарды, оның ішінде импорттық тауарды тиісті сертификаттарсыз немесе сәйкестік туралы декларациясыз сатуға жол берілмейді. Осы Заңға сәйкес, сатушы тауардың белгіленген кепілдік мерзімі, сақтау мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде оның қауіпсіздігі үшін жауап беруге міндетті. Демек, өнімде Сізге түсінікті тілде ақпарат болмаса да сатып отырған тауарыңызға Сіз жауапты боласыз. Яғни, қауіпсіздігі ілеспе құжаттарымен расталған, тұтынуға қауіпсіз өнімдерді ғана сату қажет.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Түркістан облысының тұрғындарының денсаулығын қорғау және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеліп соғатын іс-әрекеттердің алдын-алу мақсатында, Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігі қауіпсіздік құжаттарымен расталған өнімді таңдауға шақырады.

Азық-түлік өнімдерін сатып аларда таңбалауды мұқият зерделеуді, егер мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат болмаса, мұндай өнімдерді сатып алудан бас тартуды ұсынамын.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ