Понедельник, 25 августа, 2025
39.5 C
Мырзакент
ҮйСЭСМоншаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Моншаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Бүгінгі таңда халық жиі баратын қоғамдық орындардың бірі моншалар. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 226 монша бар. Оның 130-ы эпидемиялық мәні жоғары болса (сыйымдылығы 20 орын және одан жоғары), 96-і эпидемиялық мәні болмашы объектілер (сыйымдылығы 20 орыннан төмен) қатарына кіреді.

Моншаға бару еркін және жеңіл сезінуге, физикалық және психологиялық жағымды әсер етеді. Моншада ылғалдылық деңгейі жоғары болуына байланысты вирустық, бактериялық, паразиттік және терінің саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына таптырмас орта болып табылады. Жұқпалы аурулардан сақтану үшін қарапайым санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау қажет.

Монша көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулау қамтамасыз етілуі керек. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады. Объект аумағы абаттандырылады және таза күтіп-ұсталады.

Қарастырылуы керек үй-жайлар: санитариялық тораптар, жуынып-шайыну бөлмесі, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған бөлме және жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлме. Үй-жайлардың еден, бүйір және төбе қабырғалары жуу және дезинфекциялау заттарына төзімді материалдар қолданылады. Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында сынған жапсырма плиткалар, жабындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда уақтылы жөнделуге жатады. Сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Суды бұру траптары бітелмеуі және еденге лас су жиналмауы қажет.

Кәріз жүйелерінің санитариялық-техникалық желілері, құрылғылары мен аспаптары жарамды күйде болуы тиіс. Сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылау үшін термометр орнатылады. Жиһаздар жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалуы қажет. Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Жоғары ылғалды үй-жайларда шырақтар қорғаныш плафондарымен жабылады.

Шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде ағаш траптар емес, резеңке кілемшелер орнатылады. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделуі қажет. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылып, кептірілуі керкек. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады. Жеке қолданылатын (ақжаймалар, сүлгілер) киім-кешек таза және құрғақ түрде пакет арқылы беріледі. Таза және пайдаланылған киім-кешектер бөлек үй-жайларда сақталуы тиіс. Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен сауналардың үй-жайларында қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.

Моншаның жуыну және себезгі үй-жайларында кір жууға және кептіруге, моншаны пайдалануға қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтау жүргізілмейді.

Негізгі талаптардың бірі ең алдымен монша әкімшілігі тазалық пен дезинфекциялық режимді сақтауы тиіс. Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын және қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, сөрелерде жуу және дезинфекциялау жүргізу қажет. Моншадағы бассейндер жинау жұмыстары күн сайын күнінің соңында, егер қажет болса, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі.

Дезинфекциялау үшін дайындаушының қолдану жөніндегі технологиялық нұсқаулығына сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылуы керек. Жуу, тазалау мүкәммалдары таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.

Монша қызметкерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіліп, ас ішу, жеке бас тазалығын сақтау үшін және жеке, арнайы киімдерді бөлек сақтау үшін жағдайлар жасалуы қажет. Персоналдар алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтуі міндетті.

Монша сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізбей, тек пайдалы болуы үшін осы талаптардың сақталуына мән беріңіз.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ