Суббота, 23 августа, 2025
34.9 C
Мырзакент
ҮйСЭСМенингококкты инфекция несімен қауіпті?

Менингококкты инфекция несімен қауіпті?

Менингококкты инфекция ауа тамшылы жолмен тарайтын, назофарингит және генерализденген (жайылған) түрлерінде өтетін, клиникасы қызбамен, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

​Инфекция көзі- ауру адам, бактерия тасымалдаушы. Көп жағдайда бактерия тасымалдаушы жоғары эпидмиоогиялық маңызға ие.

​Менингококк инфекциясының қоздырғышы сыртқы ортаға төзімсіз, күн сәулесі, дезинфекциялық заттар әсер еткенде тез жойылатын микробтар.

Менингококкты инфекцияға мерзімділік тән. Науқастардың саны жылдың ылғалды және суық кезінде өсіп, наурыз –шілде айларында жоғарғы деңгейге көтеріледі. Ауру кез-келген жастағы адамдарды зақымдайды, көбіне балалар ауырады. Менингококкты инфекция иммунитеті төмен адамдардың ағзасында тез дамиды.

​Инкубациялық (жасырын) кезеңі 2-10 күн уақыт аралығын қамтиды.​Менингококк инфекциясына тән үштік – бұл бас ауру, құсу және дене температурасының көтерілуі.

​Инфекция жұқтырған адамда дене қызуының 38-40°С дейін көтерілуі, қалтырау, бастың қатты ауырсынуы, құсу сынды белгілер болады. Сонымен қатар желке бұлшық етінің тартылуы, жарықтан қорқу, беттің ісінуі, сананың ессіз күйден комаға дейін бұзылатындығымен сипатталады.

Менингиттің алдын алу:

• Иммунитетті күшейту;

• Бөлмеге ылғалдандыру, жиі желдету;

• Жеке бас гигиенасын сақтау;

• Адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу.

• Инфекцияға тән симптомдар біліне бастағаннан дәрігерлік көмекке қаралу;

• Шомылу маусымдарында белгіленген арнайы орындардан, бассейн суы уақытылы тазартылып, дезинфекцияланатын жерлерде ғана шомылу ұсынылады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ