Мемлекеттік қызмет – елге адал қызмет етудің, халық сенімін арқалаудың айрықша үлгісі. Бұл саладағы әрбір шешім мен әрбір әрекет тек заң талаптарымен ғана емес, ар-ождан, әдеп және адамгершілік қағидаттарымен де өлшенеді. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – әділетті қоғам құру жолындағы маңызды міндеттердің бірі.
2025 жылы аталған бағытта жүйелі де мазмұнды жұмыстар атқарылды. Жыл көлеміндеМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қарауына 1319 жолданым түсіп, оның 652-сі мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен қаралған. Осы бағыттағы келіп түскен арыздардың саны өткен жылмен салыстырғанда 20 % артқан.
Бұл көрсеткіш – азаматтар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырудағы сенімін Департаментке білдіргенін аңғартады.
Талдау нәтижесінде арыздардың басым бөлігі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтамауына (30%), тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бұзуға (12%), бос әкімшілік лауазымдарға конкурс өткізу тәртібін бұзуға (9,3%) қатысты болған. Сондай-ақ, заңсыз жұмыстан босату, қызметтік міндеттерді тиісінше орындамау секілді деректер де тіркелген. Мұның барлығы – мемлекеттік қызметтің мәртебесін биік ұстайтын тәртіп пен талаптың әлсіреуіне жол бермеу қажеттігін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласындағы заңнаманың сақталуы Департаментпен жүргізілген тексеружұмыстарының нәтижесінде1322 бұзушылық анықталды.
Анықталған кемшіліктердің ішінде 613 бұзушылық жойылып,
58 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Сол сияқты, 20 құқықтық актінің күші жойылып, 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Бұл – «Тура биде туған жоқ» деген халық даналығын еске салатын, заң алдында бәрі тең екенінің айқын көрінісі.
Тәртіптік жаза қолдану мәселесінде де бірқатар рәсімдік кемшіліктер анықталды. 2025 жылы облыс көлемінде 2276 тәртіптік жаза қолданылған. Алайда, кей жағдайларда тәртіптік комиссия құрамын дұрыс қалыптастырмау, мерзімді сақтамау, қызметшіден кінәлі екендігің толық анықтамау секілді заң талаптарының бұзылуы орын алған. Мұндай кемшіліктерге жол бермеу – заңның ғана емес, адам тағдырының да мәселесі екенін естен шығармаған жөн. Себебі әрбір қате шешім – бір тұлғаның үмітін үзуі мүмкін.
Еркеше назар аударатын мәселелердің бірі ол — мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау. Жұмыс уақыты режимін сақтау бағытында жүргізілген мониторинг нәтижесінде үстеме жұмысқа заңсыз тарту деректері анықталып, 513 сағат қосымша тынығу уақыты беріліп,тиісті өтемақылары төленді. Осылайша 220 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды.
Заңнамада көзделген мерзімдерде іссапар шығындарын төленбегені анықталып,олар бойынша 1,3 млн теңге көлемінде іссапар шығындары өндіріліп,13 қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.
Сонымен бірге кешіктірілген төлемдер үшін 125 мемлекеттік қызметшіге өсімпұл төленді.
Қызметтік автокөліктермен жасалған әкімшілік құқықбұзушылықтарға талдау жүргізіліп, нәтижесінде, 31,2 % жұмыс уақытынан тыс кезеңде орын алғаны анықталды. Мемлекеттік мүлікті мақсатына сай емес пайдалану деректері бойынша кінәлі тұлғалардың тәртіптік мәселесі қаралды. Бұл деректер мемлекеттік мүліктің – халықтың қазынасы екенін ұмытпау керектігін еске салады.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мен құмар ойындарға қатысуды болдырмаумәселесі де өзекті бола береді және Департамент осы бағыттағы жұмыстардыерекше назарға алатын болады.
Осы жылы Қызылорда қаласында өткен Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында да «Адам азамат» тұжырымдамасын мемлекеттік қызметшілермен байланыстыру керектігін алға тартты.
Қорыта айтқанда, 2025 жылы атқарылған жұмыстар мемлекеттік қызмет саласында заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын көрсетеді. Әрбір қалпына келтірілген құқық – әділдіктің салтанаты. Әрбір жойылған бұзушылық – мемлекеттік қызмет сапасының жақсаруының кепілі.
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Ал сол міндетті атқарушының құқығын қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ борышы. Заң үстемдігі мен әдеп қағидаттары берік сақталған жерде ғана халық сенімі нығаяды, ал сенім бар жерде – тұрақтылық пен өркендеу бар.
А.НАУРЫЗБАЙ
ҚР МҚІА Түркістан облысы бойынша департамент басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

