Среда, 17 сентября, 2025
24.1 C
Мырзакент
ҮйСЭСМектептерде сабақ кестесінің талаптарға сәйкес бекітілуі туралы

Мектептерде сабақ кестесінің талаптарға сәйкес бекітілуі туралы

Мектептерде сабақ кестесінің талаптарға сәйкес бекітілуі – оқушылардыңденсаулығын сақтау мен оқу үлгерімін арттыру үшін маңызды.
Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой қабілеттілік серпіні ескеріліп, санитариялық қағидаларға сәйкес қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады. Сабақ кестесі ҚР ДСМ №76 “Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттеледі.
Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының “сатылы” режимін қолданады. Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан жоспарланады.
Сабақ кестесін ұйымдастыру барысында сабақтардың күрделілігі мен мазмұны аптаның басынан соңына қарай біртіндеп бөлінуі тиіс (дүйсенбі және жұма күндері ең ауыр пәндер қойылмайды).
Күрделі пәндер (математика, физика, химия, шет тілі және т.б.) оқушылардың жұмыс қабілеті жоғары болатын уақытқа, яғни күннің бірінші жартысына қойылады.
Дене шынықтыру, еңбек, өнер сабақтары оқу аптасының ортасында және күннің екінші жартысына жақын қойылады, бұл зейінді қайта қалыптастыруға көмектеседі.
Күндік жүктеме білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай белгіленеді:

  • бастауыш сыныптарда – 4 сабақтан артық емес (1-сыныпта 3–4 сабақ);
  • орта буында – 5–6 сабақ;
  • жоғары сыныптарда – 6–7 сабақтан аспауы қажет.
    Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы:
  • кемінде 5 минут;
  • үлкен үзіліс 2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін 30 минут;
  • бір үлкен үзіліс орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.
    Түркістан облысының санитар
ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ