Пятница, 11 июля, 2025
26.8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтааралдың мерейі үстем болған күн

Мақтааралдың мерейі үстем болған күн

🔰ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай бүгін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана саласы бойынша 14 аудан бойынша түрлі мамандар қатысқан «Үздік жұмысшы маман» атты облыстық байқауы өтті.

🏆 Аталмыш байқауда Мақтаарал Аудандық Орталық Кітапханасының суретші маманы Құдайбергенова Сымбат жүлделі 🥇 ші орынды иемденді.

🔹Шара соңында барлық қатысушыға арнайы дипломдар мен қаржылық ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының және «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының арнайы сыйлығы лайықты иелерін тапты.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ