Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралдың қыздары футболдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

Мақтааралдың қыздары футболдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

2023 жылы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен “Мырзакент” спорт клубында қыздар футболы ресми түрде ашылып, қарқынды дамудың жолына түсті. Бұл – аудандағы жас нәзік жанды спортшылар үшін үлкен мүмкіндік әрі спорт саласында тың бетбұрыс болды.

Содан бері “Мырзакент” спорт клубы қыздар футболын жүйелі түрде дамытуға күш салып, жас таланттарды анықтап, оларға сапалы дайындық пен үлкен аренаға шығу жолын ашты.

2023-2024 жылғы маусымда “Мырзакент” спорт клубының қыздар командасы Мақтаарал U15 және U17 құрамында еліміздің чемпионатында өнер көрсетті. Бұл – ауыл спортшыларының республикалық деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысуды бастағанының айқын белгісі.

2024-2025 жылғы маусымда Мырзакенттен шыққан талантты спортшылар — Тулисбай Жібек пен Тастекова Айбөпе еліміздің ең танымал клубтарының бірі — “Ордабасы” футбол клубының сапына арнайы шақыртумен қосылып, 2007-2008 жылғы жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатында қола жүлдегерлер атанды.

Тулисбай Жібек – шабуыл шебіндегі негізгі ойыншы. Чемпионат барысында ол қарсыластың қақпасына 7 гол соғып, тағы 5 нәтижелі пас берді. Оның шеберлігі мен жылдам ойнауы командаға үлкен үлес қосты.

Тастекова Айбөпе – сенімді қорғаушы, команда қорғанысының тірегі. Ол қарсы шабуылдардың алдын алып, тактикалық тұрғыдан жауапкершілікпен ойнады.

Бұл – ауданымыздың, оның ішінде Мырзакенттің спорттық келешегі жарқын екенін дәлелдейтін жарқын жетістік! Осы табыстардың артында тек спортшылардың талпынысы ғана емес, олардың бапкері Бегайдаров Нұрболаттың қажырлы еңбегі мен ата-аналардың берік қолдауы жатыр.

“Мырзакент” спорт клубы алдағы уақытта да қыздар футболын жүйелі дамытуға және спортшылардың кәсіби деңгейде өнер көрсетуіне барынша жағдай жасауға ниетті. Мырзакенттегі қыздар футболының дамуы – ауыл спортының өркендеуінің айқын үлгісі.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ