Вторник, 14 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралдықтарды тарихи футбол ойынның куәсі болуға шақырамыз

Мақтааралдықтарды тарихи футбол ойынның куәсі болуға шақырамыз

Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары мен қонақтары!
UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі аясында Алматының «Қайрат» футбол клубы әлемге әйгілі «Реал Мадрид» командасымен матч өткізеді.
Корольдік клубтың елімізге келуі ТМД аумағындағы елеулі оқиғаға айналып отыр.
Футбол жанкүйерлері асыға күткен тарихи кездесуді мақтааралдықтар да үлкен экрандардан тамашалай алады.
Мырзакент кенті С.Жаштаев көшесінде орналасқан «Жастар орталығының» ғимаратында айтулы ойынның көрсетілімі ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
Сіздерді әлемдік футбол жұлдыздарының ойынына куә болуға және «Қайрат» командасына жанкүйер болуға шақырамыз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Матч 2025 жылғы 30 қыркүйек күні, сағат 21:45-те басталады.


(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ