«Шардара аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат, дойбы және бильярд спорт түрлерінен өткен сайыста жерлестеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бүгін Аудан әкімі Бақыт Асанов жеңімпаз спортшыларды арнайы жеке қабылдап, олардың жетістіктерін жоғары бағалады. Ол спортшылардың табандылығы мен ерік-жігерін ерекше атап өтіп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді. Сондай-ақ, жеңімпаздарға өз алғысын айтып, олардың жеңісі аудан спортының дамуына үлкен үлес қосатынын жеткізді.
Жеңімпаздар тізімі:
Шахмат:
Жантеков Арипхан – 1 орын
Дойбы:
Рабиев Тулкин – 1 орын
Бильярд:
Алипов Гаухарбек – 1 орын
«Бұл жеңіс – спорттағы ғана емес, өмірдегі қайсарлық пен ерік-жігердің жарқын дәлелі! Спортшыларымыз өз жігері мен қажыр-қайратын көрсете отырып, көпшілікке үлкен үлгі бола білді. Олардың қайсарлығы мен еңбекқорлығы зор құрметке лайық!» — деді, аудан басшысы.


