⚡️Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшылығы ұжымда қызмет атқаратын нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады. Бұл күні бейбіт заманның батыр қыздары қоғам тәртібін сақтауда өз үлестерін қосып жүрген ер азаматтармен бірге иық тіресе елге қызмет етіп жүрген шенді аруларымыз Айман Молдақасымқызы мен бөлімде қызмет атқаратын аналарымызға ерекше құрмет көрсетілді. ⚜️Сондай-ақ осы күні ішкі істер саласында қызмет атқарып, қылмыскердің қолынан қаза болған Нариман Абдрахмановтің жұбайына да құрмет көрсетіліп, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап қайтты. 🔹Бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен әлемді тербеткен әзиз аналарымызға қанша құрмет көрсетсек те артық болмасы ақиқат. Аман жүріңіздер ардақты аналар, аяулы арулар!
Мақтааралдық полицейлер аруларға құрмет көрсетті
ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР