Четверг, 31 июля, 2025
34.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда жер қойнауын заңсыз пайдалануға қарсы бақылау жұмыстары жүргізілуде

Мақтааралда жер қойнауын заңсыз пайдалануға қарсы бақылау жұмыстары жүргізілуде

Мақтаарал ауданында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерінің алдын алу және оларды болдырмау мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, оның аясында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Аудан әкімдігі мен тиісті мекемелер тарапынан жер қойнауын пайдалануға қатысты тұрақты мониторинг жұмыстары ұйымдастырылуда. Бақылау барысында анықталған барлық құқықбұзушылықтар ақпараттық жүйелерге тіркеліп, әрбір жағдай бойынша заң аясында шаралар қолданылуда. Бұл – заңсыз әрекеттердің алдын алуға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

Сонымен қатар, рұқсатсыз жер қазу, құм, қиыршық тас сынды пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру деректерінің жолын кесу мақсатында аудандық полиция бөлімі, аудан әкімдігі және басқа да құзырлы органдармен бірге бірлескен рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Аталған рейдтер барысында кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жер қойнауын пайдалану тәртібі мен жауапкершілігі туралы ақпараттар берілуде. Бұл бастамалар жергілікті деңгейде құқықтық сауаттылықты арттырып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға негіз болады.

Жалпы алғанда, Мақтаарал ауданында жүргізіліп жатқан бұл жүйелі іс-шаралар – экологиялық тұрақтылықты сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды және заңды пайдалану, сондай-ақ келешек ұрпаққа сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ