Понедельник, 21 июля, 2025
42.7 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "Таза Қазақстан" акциясы аясында жаппай сенбілік өтті

Мақтааралда “Таза Қазақстан” акциясы аясында жаппай сенбілік өтті

2025 жылғы 19 шілде күні Мақтаарал ауданында елімізде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген шараға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысты.

Сенбілікке барлығы 1513 адам жұмылдырылып, абаттандыру және тазалау жұмыстарына 13 дана арнайы техника тартылды. Қатысушылар аудан аумағында орналасқан елді мекендердің көшелерін, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық орындарды және жол жиегін тұрмыстық қалдықтар мен басқа да қоқыстардан тазартты.

Іс-шара барысында жалпы ұзындығы 31,2 шақырым автомобиль жолы қоқыстан аршылып, 13,2 тонна қатты тұрмыстық қалдық ҚТҚ-ға арналған арнайы полигондарға шығарылды. Бұл жұмыстар ауданның санитарлық тазалығын жақсартуға және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға сеп болды.

Бұдан бөлек, сенбілік кезінде экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында ағаш көшеттерін суару жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілді. Ауа райының аптап ыстығына қарамастан, көгалдандыру жұмыстары назардан тыс қалған жоқ.

Аудан әкімдігі мен ұйымдастырушылар сенбілікке белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіріп, экологиялық тазалықты сақтау – әрбір тұрғынның борышы екенін еске салды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп, халықтың экологиялық санасын арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған. Бұл бастама – еліміздің «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ