Пятница, 6 июня, 2025
28 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМАҚТААРАЛДА ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

2025 жылғы 5 маусым күні Түркістан облысы шекара қызметінің 25 жылдық мерейтойына орай Мақтаарал ауданында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл айтулы шара ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиғалардың біріне айналды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов арнайы қатысып, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген шекара қызметінің ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерін құттықтады. Ол өз сөзінде шекарашылардың қоғамдағы маңызы зор екенін атап өтіп, олардың Отан алдындағы адал қызметін жоғары бағалады.

«Бүгінгі мерекелік іс-шара – тек шекарашылар қауымына ғана емес, барша жұртшылыққа арналған құрметтің белгісі. Шекара – тәуелсіздіктің тұғыры. Сондықтан оны күзететін әрбір азаматқа ел атынан алғыс білдіреміз. Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін!» – деді, аудан әкімінің орынбасары.

Іс-шара барысында өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ашылған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының белсенді мүшелері арнайы марапатталды.

Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жергілікті өнерпаздар мен жас жеткіншектер патриоттық әндер шырқап, көркем өнер көрсетілімдерін ұсынды. Мерекелік жиын аудан тұрғындарының елжандылық рухын көтеріп, шекара қызметіне деген құрметін арттырды. Мұндай іс-шаралар жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ