Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда салық берешегін өндіру мәселесі қаралды

Мақтааралда салық берешегін өндіру мәселесі қаралды

57

Мақтаарал ауданы әкімдігі аппаратында аудан әкімінің орынбасары Б.Анарбековтың төрағалығымен салықтық түсімдер мен берешек өндіру мәселесіне арналған кезекті мәжіліс өтті.

Мәжілісте аудандық кірістер басқармасына 2026 жылғы 13 ақпанда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Бұл туралы аудандық кірістер басқармасының басшысы Ж.Пилалов баяндама жасады.

Жиынға аудандық кірістер басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы мен сектор меңгерушісі, кент және ауылдық округ әкімдері, салық мамандары қатысты.

Жиын барысында жеке тұлғалардың мүлік және көлік салығы бойынша қалыптасқан берешек көлемі талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары берешекті қысқарту бағытындағы жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша аудандық кірістер басқармасына және кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне 1 наурызға жоспарланған көрсеткіштерді күнделікті мониторинг жүргізу арқылы 26 ақпанға дейін толық орындау тапсырылды. Әсіресе, жеке тұлғалардың мүлік және көлік салығы бойынша берешекті күн сайын жинақтап, нақты нәтижеге қол жеткізу талап етілді.

26 ақпанға жоспарланған кезекті кеңеске аудан аумағындағы сот орындаушы қызметкерлері мен ауылдық округтердегі арнайы техника (комбайн) иелерінің қатысуы қамтамасыз етілетін болды. Бұл шара берешек өндіру тетіктерін күшейту және нақты өндірістік актив иелерімен тікелей жұмыс жүргізу мақсатында қолға алынып отыр.

Мәжілісте салық түсімдерінің аудан бюджеті үшін маңызы ерекше екені атап өтілді. Берешек көлемін қысқарту – жергілікті бюджет кірісін арттырудың негізгі бағыттарының бірі екенін Бижан Шералыұлы қадап айтты.

Жиын қорытындысында берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.