Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда сайлау комиссиясында қызмет ететін қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді

Мақтааралда сайлау комиссиясында қызмет ететін қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді

57

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Мақтаарал ауданында түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетілуде. Соның бірі – аудандық сайлау комиссиясында қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектерге арналған арнайы құттықтау шарасы болды.

Аталған мерекеге орай Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұлов аудандық сайлау комиссиясының ұжымындағы қыз-келіншектерді көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ол аудан әкімінің атынан мерекелік лебізін жеткізіп, арнайы құттықтау хаттарды табыстады.

Кездесу барысында Нұржан Атақұлов сайлау жүйесінде қызмет ететін әйел азаматтардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлау комиссияларында еңбек ететін мамандар елдегі саяси науқандардың әділ әрі ашық өтуіне үлкен үлес қосып келеді. Сондықтан, олардың жауапты қызметі әрдайым жоғары бағалануы тиіс.

Сонымен қатар, аппарат басшысы алдағы уақытта өтетін референдум науқанына тоқталып, бұл маңызды саяси шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі аса маңызды екенін жеткізді. Ол комиссия қызметкерлеріне алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, мемлекет үшін маңызды науқанда белсенді әрі сапалы жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Өз кезегінде аудандық сайлау комиссиясының қызметкерлері көрсетілген құрмет пен жылы лебіз үшін алғыстарын айтып, алдағы референдум барысында өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқаратынын жеткізді.

Мерекелік кездесудің соңында қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, нәзік жандыларға игі тілектер айтылды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.