Суббота, 25 октября, 2025
20 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда Республика күні мен "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Мақтааралда Республика күні мен “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

25 қазан — Республика күні және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы асында Мақтаарал ауданында кезекті кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына ауданның барлық ауылдық округтері мен мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысты.

Жалпы сенбілік жұмыстарына 3500-ден астам адам атсалысты. Қатысушылардың бірлесе еңбектенуі нәтижесінде А-15 республикалық автомобиль жолының бойы 20 шақырымы тазартылып, жол жиегіндегі және елді мекен маңындағы күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен шығарылды. Тазалық жұмыстарына 18 дана ауыр техника жұмылдырылып, барлығы 25 тоннаға жуық қоқыс полигондарға тасымалданды.

Іс-шара барысында аудан аумағын көгалдандыру мен абаттандыру ісіне де ерекше мән берілді. Жалпы 500-ден астам декоративті арша ағашы отырғызылып, көшелер мен саябақтардың көркі жаңара түсті.

Мақтаарал ауданы әкімдігі мұндай шаралардың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындардың туған жеріне деген жауапкершілік сезімін арттыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті. Алдағы уақытта да аудан аумағында тазалық пен экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ