Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтеді

Мақтааралда Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтеді

70

Мақтаарал ауданы биыл Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтуді жоспарлап отыр. Мерекелік іс-шаралар аудан орталығы – Мырзакент кентінің орталық саябағында ұйымдастырылатын болады.

Дайындық жұмыстарының барысын пысықтау мақсатында аудан әкімі Бақыт Асанов орынбасарларымен және жауапты бөлім басшыларымен бірге орталық саябақты аралап, мерекені жоғары деңгейде өткізу мәселелерін талқылады. Жиын барысында ұйымдастыру, қауіпсіздік, безендіру және мәдени-спорттық бағдарламаларды үйлестіру бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Саябақ аумағындағы амфитеатрда мерекелік концерттік бағдарлама өтеді деп жоспарлануда. Оған мен танымал әншілер шақыру жоспарланып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйланбақ. Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың да өнер көрсетуі көзделіп отыр.

Мереке аясында ондаған киіз үй тігіліп, қазақы нақыштағы «этноауыл» форматындағы арнайы алаңдар құрылмақ. Мұнда ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар ұсынылады. Наурыздың ерекше атмосферасын қалыптастыру үшін алтыбақан орнатылып, қазақ ауылының көрінісі жасалады.

Балалар үшін арнайы ойын алаңшалары ұйымдастырылып, түрлі ойын-сауық бағдарламалары өткізіледі. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру үшін жергілікті кәсіпкерлер тартылып, қонақтар мен тұрғындарға сапалы қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.

Мереке күні ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу де жоспарланған. Атап айтқанда, қазақ күресі, арқан тарту, асық ату секілді сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болады.

Айта кетейік, саябақ аумағы толықтай безендіріліп, мерекелік сән-салтанатқа бөленеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – аудан тұрғындары мен қонақтарына Наурыздың шынайы рухын сезіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және көпшіліктің көңілінен шығатын мазмұнды мереке өткізу. Осылайша, Мақтааралда биылғы Наурыз мерекесі береке-бірлік пен ұлттық рухты ұлықтайтын ауқымды думанға айналмақ.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.