Четверг, 17 июля, 2025
33.3 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Мақтааралда мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков аудан көлемінде күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарының жай-күйіне байланысты арнайы жұмыс жиынын өткізді.

Жиынға мердігер компания өкілдері, техникалық қадағалау мамандары, білім бөлімінің басшысы мен жауапты қызметкерлері және директорлар қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау, белгіленген мерзімдерге сай орындалуын қадағалау және туындаған мәселелерді дер кезінде шешу болды.

Қазіргі таңда аудан аумағында 5 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына жергілікті және республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Жұмыс кестесіне сәйкес кейбір нысандар тамыз айының соңына дейін толық пайдалануға берілуі тиіс.

Жиын барысында орынбасар мердігер компанияларға нақты тапсырмалар беріп, әр нысанның жұмыс барысы бойынша жеке-жеке есеп алды. Анықталған кемшіліктер мен баяу жүріп жатқан жұмыстарға байланысты ескерту жасалып, нақты мерзімдер белгіленді. Сондай-ақ, техникалық қадағалау қызметтеріне де талап күшейтілді. Әкімдік тарапынан құрылған мониторингтік топ апта сайын нысандарды аралап, орындалу барысын бақылауда ұстайды.

Жиын соңында Бижан Анарбеков барлық қатысушыларды жауапкершілікпен жұмыс істеуге шақырып, құрылыс материалдарының сапасына, жұмыс күшінің жеткіліктілігіне және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударуды тапсырды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ