Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейдтер күшейтілді

Мақтааралда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бағытталған түнгі рейдтер күшейтілді

75

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, Мырзакент кентінің аумағында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түнгі рейдтік жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Аталған рейдтердің негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бақылауынсыз көшеде, ойын-сауық орындарында және өзге де қоғамдық орындарда жүрген балаларды анықтау, сондай-ақ бала тәрбиесіне салғырт қарайтын ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Рейд барысында полиция қызметкерлері мен сала мамандары Мырзакент кентіндегі сауда нысандары мен қоғамдық орындарды аралап, кәсіпкерлерге қолданыстағы заң талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Атап айтқанда, 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеу, балалар мен жасөспірімдерге темекі өнімдері мен алкогольдік ішімдіктерді сатуға қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.

Тексеру барысында анықталған жағдайлар бойынша тиісті шаралар қабылданып, заң талаптарын бұзған тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі тағы да ескертілді. Сонымен бірге, рейд аясында кәсіпкерлер мен тұрғындарға «Арақсыз ауыл» жобасының мақсаты мен бағыттары таныстырылды. Жоба аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды зиянды әдеттерден сақтау және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту бағытында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы айтылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түнгі рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Негізгі міндет — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамда заңға бағынатын, саналы ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.