Skip to content
Басты бет / А.Қалыбеков а/о / Мақтааралда білім беру ұйымдарының жұмысына кешенді талдау жүргізілді

Мақтааралда білім беру ұйымдарының жұмысына кешенді талдау жүргізілді

76

Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Қалдыкөзұлының Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді. Ол аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловпен бірге алдымен оқушылардың инновациялық жобаларымен танысып, балалардың өздері жасаған еңбектерінен тұратын көрмені аралады. Сапар барысында білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңейтілген жиын өтті. Кездесуде ауданның білім саласындағы қазіргі жағдайы сараланып, даму бағыттары мен өзекті мәселелер жан-жақты қаралды.

Ауданда 62 жалпы білім беретін мектепте 29 811 оқушы білім алуда. Сонымен қатар екі мемлекеттік колледжде 2 055 студент оқиды. Мектептен тыс білім беру бағытында «Оқу-өндірістік комбинат», «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» және «Оқушылар үйі» тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Мектепке дейінгі білім беру саласына ерекше назар аударылды. Бүгінде ауданда 108 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп, 8 788 бала тәрбиемен қамтылған. Қамту көрсеткіші – 99,8 пайыз. 2025 жылы қосымша 243 жаңа орын ашылып, 348 топ іске қосылды. 2027 жылдан бастап енгізілетін лицензиялау тәртібіне байланысты педагог кадрлардың біліктілік деңгейі мен аттестациядан өту мәселесі аса маңызды екені атап өтілді.

Жиында білім сапасын арттыру басты басымдық ретінде белгіленді. Атап айтқанда, бітіруші түлектердің ҰБТ-ға қатысуын қамтамасыз ету, аралас мектептердің жағдайын жүйелі талдау, PISA және ББЖМ (МОДО) нәтижелері бойынша көрсеткіштерді жақсарту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ тәрбие жұмыстары, «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы жұмыстарды тиімді үйлестірудің маңыздылығы назарға алынды. Бұдан бөлек, мемлекеттік аттестаттау, педагогтердің біліктілігін арттыру мен аттестациядан өтуі, жазғы сауықтыру, инклюзивті білім беру, мектеп маңындағы қауіпсіздік, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, интернет сапасы, оқушы тасымалы, үш мектепке арналған жаңғырту жобалары мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жеке қаралды.

Жиын қорытындысында Ғалымжан Қалдыкөзұлы білім сапасын тұрақты бақылауда ұстауды, аттестациядан уақтылы өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Халықаралық зерттеулер нәтижелерін жақсарту, тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту, инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуына жауапкершілікті арттыру міндеттелді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.