Пятница, 11 июля, 2025
26.8 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда ауыз су мәселесіне байланысты арнайы жиын өтті

Мақтааралда ауыз су мәселесіне байланысты арнайы жиын өтті

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков ауданға қарасты ауыз су беруші мекемелердің басшыларымен арнайы жиын өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты – тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын талдау, шешімін күткен мәселелерді анықтап, алдағы жоспарларды нақтылау болды.

Жиын барысында аудан аумағындағы елді мекендерді үздіксіз ауыз сумен қамту, жаз мезгіліндегі су тапшылығының алдын алу, техникалық ақаулар мен құбыр жүйелерінің тозуы секілді мәселелер кеңінен қозғалды. Бижан Шералыұлы әрбір мекеме басшысының есебін тыңдап, ағымдағы жағдай бойынша нақты сұрақтар қойды. Әкімнің орынбасары дәл қазіргі уақытта ауыз су мәселесіне немқұрайлы қарауға жол берілмеуі тиіс екенін ескертті.

“Қазіргі таңда аудан халқының басым бөлігі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Дегенмен, кейбір елді мекендерде су қысымының төмендеуі, техникалық ақаулар сынды түйткілдер бар. Біз бұл мәселелерді жүйелі түрде шешуіміз қажет. Әр мекеме өзіне тиесілі аумақ бойынша нақты жұмыстар атқарсын. Жауапкершілік пен тәртіп бірінші орында тұруы тиіс” – деді, Бижан Анарбеков.

Жиында сондай-ақ, жаңа жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайы да талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары ауыз су жүйесін жаңғыртуға бағытталған жобаларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Мекеме басшылары өз тараптарынан қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, кейбір елді мекендерде су көздерінің жетіспеушілігі мен сорғы қондырғыларының тозуына байланысты нақты ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында Бижан Анарбеков барлық жауапты тұлғаларға тұрғындармен кері байланыс орнатып, халық тарапынан түскен өтініштерге дер кезінде жауап беруді, сондай-ақ, жоспарлы жұмыстардың нақты мерзімде атқарылуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ