Воскресенье, 13 апреля, 2025
25.9 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда "Атамекен" кеден бекеті жақында пайдалануға берілетін болады

Мақтааралда «Атамекен» кеден бекеті жақында пайдалануға берілетін болады

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев өткен аптада аудан аумағында орналасқан «Атамекен» кедендік бекетінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Құрылысы аяқталуға жақын қалған нысанның бас мердігері — «NUCTECH COMPANY LTD» компаниясы, құрылысты жүргізіп жатқан — «Bazis Construction» ЖШС, техникалық қадағалаушысы — «Алатау сала құрылыс» ЖШС-і болса, құрылыс нысанын «Аркхон» ЖШС-і жобалаған. Жақын арада пайдалануға берілетін нысанның сметалық құны 15,5 миллиард теңгені құрайды.

Бауыржан Қуанышбайұлы нысанның жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес салынуын қадағалап, мердігер мекеменің басшылығымен кейбір мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазіргі таңда нысанның негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстары жалғасуда. Кедендік бекет — көрші елден отанымызға кіретін алып қақпа болғандықтан, нысанның абаттандырылуына да үлкен мән беру керектігін Б.Шомпиев атап өтті.

Атакент кентіне жақын орналасқан кедендік бекеттің маңында бұған дейін жүк көліктерінің кептелістері жиі орын алып, кентке кіріп-шығатын жеңіл көліктер үшін қиындықтар тудырған болатын. Жаңа нысанның жобасы бойынша 600 жүк көлігіне арналған автотұрақ салынып, жүк көліктерінің кептелісі мәселеcі де оңды шешімін табатын болады.

Айта кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен «Атамекен» кедендік бекетінің маңына «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру да жоспарланып отыр. Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан «Мақтаарал-Дарбаза» темір жолы да дәл осы маңнан өтетін болады.

Аталған жобалар іске асса өңірде өнеркәсіптік және сауда-саттық орындарын ашуға, жаңа жұмыс орындарын көбейтуге жол ашылмақ. Мақталы өңірге инвесторлардың да үлкен қызығушылығы артатын болады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ