Skip to content

Мақтааралда аппараттық мәжіліс өтті

72

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі аппаратының үлкен мәжіліс залында кезекті аппараттық жиын өтті.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Б.Анарбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Атақұлов пен аппараттың бөлім басшылары, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ аумақтық мекемелердің жетекшілері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына және өңірдегі инфрақұрылымдық жұмыстардың барысына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Алғашқы мәселе ретінде ауданның мемлекеттік бюджет қаржысын игеру барысы және 2025 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін көрсеткіштер талқыланды. Бұл бағытта баяндама жасаған ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.Әбенов атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелеріне тоқталып, аудан экономикасының даму динамикасына кері әсер етіп отырған салаларды жіпке тізгендей атап өтті. Нұрбол Жақсылықұлы тиісті бөлімдерге жоспарланған көрсеткіштердің толық әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма берді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе — күзгі маусымда ағаш көшеттерін егу жұмыстары болды. Бұл бағытта ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Егембердиев сөз сөйлеп, аудан аумағында жүргізілген көгалдандыру жұмыстары жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Оның айтуынша, биылғы күзгі отырғызу науқаны барысында қоғамдық орындарда, үлкен жол бойларында және ауылішілік учаскелерде ағаш көшеттерін отырғызу кең көлемде жүргізілген. Сонымен қатар, көшеттердің күтімі мен суару шаралары кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің бақылауында екені жеткізілді. Алайда, кейбір әкімшіліктер тарапынан егілген көшеттердің қоршалмағаны және суғару жұмыстары уақытылы жүрмейтінін айтты.

Аппараттық мәжілісте қосымша мәселе ретінде ауданның елді мекендерінде тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстарының жайы да талқыланды. Бірқатар елді мекендерге табиғи газ берілгенімен, тұрғындар үйлеріне газ кіргізуге асығар емес.

Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеліп, жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне орындалуын бақылау міндеттелді. Мәжіліс төрағасы Н.Саттаров барлық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Добавить комментарий