Четверг, 15 мая, 2025
39.2 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "Әке тәрбиесі - ғасырға азық" атты аудандық форум өтті

Мақтааралда “Әке тәрбиесі – ғасырға азық” атты аудандық форум өтті

Мақтаарал ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әке тәрбиесі – ғасырға азық» атты аудандық әкелер форумы жоғары деңгейде өтті. Шараның мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасындағы әке рөлін арттыру, ер-азаматтың ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін насихаттау, ұлттық құндылықтар мен өнегелі тәрбие мәселелерін қоғам назарына ұсыну.

Форумды аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов ашып, ол өз сөзінде қоғамдағы әкенің алатын орны, отбасы тәрбиесінің негізі ретінде әкенің жауапкершілігі мен өнегесі туралы кеңінен тоқталды.

Іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жазушылар, білім беру саласының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында әке мен бала арасындағы сенім мен сыйластық, рухани-адамгершілік, жалпы тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тәрбиелік бағыттағы пікірлерімен бөлісті.

Форумның құрметті қонағы ретінде ақын, сазгер, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ арнайы шақырылды. Ол бала тәрбиесіндегі әке өнегесі туралы әсерлі ойларын ортаға салып, қоғамда ер-азаматтардың белсенділігін арттыру қажеттігіне назар аударды. Қатысушылар ақынның мазмұнды ойларына ерекше ықыласпен құлақ түріп, зор алғыстарын білдірді.

Шара аясында ақын-сазгер Әкім Ысқақтың «Әкеммен сырласу» атты кітабының салтанатты тұсаукесері өтті. Бұл шығармада автор әкесіне деген сағынышын, балалық шақтағы әсерлі сәттерін ақындық шеберлікпен бейнелей отырып, әке тұлғасының рухани бейнесін терең сипаттайды.

Тұсаукесер барысында сөз алған зиялы қауым өкілдері мен форум қатысушылары шығарманың тәрбиелік мәніне ерекше тоқталып, оны жас ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау қажет екенін атап өтті.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ