Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда 1700 дана көшет отырғызылды

Мақтааралда 1700 дана көшет отырғызылды

55

23 наурыз – Тазару күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Түркістан облысы, Мырзакент кентінің орталық саябағында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталған экологиялық шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілікке жалпы саны 1100 адам белсене қатысып, кент тұрғындары, жастар, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен түрлі ұйым өкілдері бір кісідей жұмылды. Қатысушылар саябақ аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

Нәтижесінде аудан аумағынан жалпы 4,3 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, саябақтың экологиялық жағдайын жақсарту және жасыл желекті көбейту мақсатында 1700 дана көшет отырғызылды. Бұл бастама алдағы уақытта кенттің көркіне көрік қосып, тұрғындарға жайлы демалыс орны болуына ықпал етеді.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар тұрғындарды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды. Мұндай игі бастамалар қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар мен қоғам белсенділері кент аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.