Среда, 12 марта, 2025
18.9 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтаарал ауданының баскетболшылары облыс чемпионы атанды

Мақтаарал ауданының баскетболшылары облыс чемпионы атанды

Түркістан облысында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен Мектеп лигасында Мақтаарал ауданының баскетбол командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, чемпион атанды.

Жарыс барысында мақтааралдық спортшылар тамаша ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарын сенімді жеңіспен артта қалдырды. Финалдық кездесуде олар шеберліктері мен ұйымшылдығын дәлелдеп, облыстың үздік командасы атанды.

Ауданымызда баскетболдың дамуына ерекше үлес қосып, қажырлы еңбек етіп жүрген жаттықтырушылар Медет Катешов, Нурлан Катешовтің еңбегі зор. Олардың тынымсыз дайындығы мен жастарға деген қолдауының арқасында Мақтаарал командасы осындай биік жетістіктерге жетіп отыр.

Енді біздің команда республикалық біріншілікте өңір намысын қорғайтын болады. Оларға сәттілік тілейміз! Жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ