Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтаарал ауданында тұрғындарды жеке қабылдау өтті

Мақтаарал ауданында тұрғындарды жеке қабылдау өтті

34

Күні кеше Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ашық форматта өткен қабылдауға аудан әкімдігінің тиісті сала басшылары да қатысып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйге табиғи газ тарту, әдеп мәселесі, жол сапасы, сондай-ақ жер телімдерін алу және заңдастыру мәселелері кеңінен қозғалды. Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында нақты жауаптар берілді.

Аудан әкімі кейбір мәселелердің шешімін сол жерде нақтылап, жедел түрде орындалуын қамтамасыз ететіндігін жеткізді. Сонымен қатар, қосымша зерделеуді қажет ететін бірқатар мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдерін белгіледі.

Бақыт Асанов тұрғындардың өтініштері әрдайым назарда болатынын атап өтіп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ, мұндай жеке қабылдаулардың халықпен кері байланысты нығайтуда және өзекті мәселелерді жедел шешуде маңызы зор екенін айтты.

Айта кетейік, аудан әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы тұрақты түрде өткізіліп, әрбір өтініштің бақылауда болуына ерекше мән берілуде.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.