Среда, 29 октября, 2025
22 C
Мырзакент
ҮйСЭСҚазіргі әлемдегі маникюр мен педикюр - бұл жай ғана таза тырнақ емес

Қазіргі әлемдегі маникюр мен педикюр – бұл жай ғана таза тырнақ емес

Қазіргі әлемдегі маникюр мен педикюр – бұл жай ғана таза тырнақ емес, сонымен қатар сіздің ішкі әлеміңізді бейнелейтін жаңа сән түрі. Біздің қаламыздың нәзік жандары тырнақ салондарына баруға асығады.

Өкінішке орай, көптеген салондарда жағдайлар таза болмайтындары да бар. Көптеген инфекциялар бір клиенттен екіншісіне жұғады.

Бүгінгі күні “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидалары қолданыста бар.

Бұл санитариялық қағидаларда маникюр мен педикюрге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар көрсетілген.

Тырнақ-педикюр салондарына келушілерге неге баса назар аудару керек?

– салон үй-жайларында қолайлы температура, жарық жақсы болуына.

– жұмыс үстелінің тазалығына.

– шеберде бірнеше, ең жақсы бір реттік маникюр жиынтықтарының болуы. Барлық микробтарды толығымен жою үшін кем дегенде 4-5 сағат зарарсыздандыру қажет.

– құралдарды өңделуі туралы сұраудан тартынбаңыз.

– процедурадан бұрын шебердің қолдарын қалай өңдейтініне назар аударыңыз.

Сондай-ақ, санитариялық қағидаларда:

– педикюр кезінде аяқтың астына қойылған жастық әр қолданғаннан кейін дезинфекциялық ерітіндіге малынған шүберекпен сүртіледі.

– аяқ ванналары мен қол ванналары әр клиенттен кейін жуғыш заттармен өңделеді.

– терінің, шырышты қабаттардың зақымдануы мүмкін манипуляцияның барлық кезеңдері клиенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Маникюрге, педикюрге дейін және одан кейін терінің және жара каналының беті зарарсыздандырылады.

– маникюрге, педикюрге арналған құралдар, сондай-ақ шығын материалдары бумен, ауамен немесе зарарсыздандырудың химиялық әдісімен зарарсыздандырылады, кейіннен микроорганизмдермен қайталама ластануды болдырмайтын жағдайларда сақталады.

– эпидемияға қарсы режимді және маникюр, педикюр және косметикалық қызметтер кезінде пайдаланылатын құралдарды зарарсыздандыру, зарарсыздандыру алдындағы тазарту және зарарсыздандыру режимін күнделікті бақылауды ұйымдастыру және бақылау объектінің немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің әкімшілігіне жүктеледі.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ