Фаст фуд (дайын, тез дайындалатын тағамдар) — дұрыс сақталмаса немесе дайындалу кезінде санитариялық ережелер сақталмаса, тағамнан улануға себеп болуы мүмкін. Уланудың алдын алу үшін төмендегі шараларды сақтауымыз қажет:
1. Ең алдымен гигиеналық талаптарды сақтау керек.
Тағам дайындайтын және сататын қызметкерлер жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс.
Қолды тағам дайындау алдында және кейін сабындап жуу.
Арнайы таза киім, қолғап және бас киім кию қажет.
2. Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау
Ет, көкөніс, сүт өнімдері бөлек тоңазытқыштарда сақталуы тиіс.
Дайын тағам шикі өніммен жанаспау керек.
3. Температуралық режимді сақтау
Дайын фаст фуд тағамдары (бургер, шаурма, хот-дог және т.б.) 65°C-тан төмен емес температурада берілуі керек.
Тоңазытылған өнімдер +2°С–+6°С аралығында сақталуы тиіс.
Тағам дайындалған соң 2 сағаттан артық сақтауға болмайды.
4. Сапалы шикізатты пайдалану
Сертификаты бар, жарамдылық мерзімі өтпеген өнімдерді қолдану.
Ет пен май өнімдерінің иісі мен түсіне назар аудару.
5. Дезинфекция және тазалық
Ас үй жабдықтары мен құралдарды күнделікті тазалап, дезинфекциялау.
Кесінді тақтайшаларды шикі және дайын тағамдарға бөлек пайдалану.
6. Күдікті жерлерден тағам алмау
Көшедегі бейсанитариялық жағдайда сатылатын фаст фуд өнімдерін сатып алмау.
Тағамның сыртқы түрі мен иісі күмән тудырса, оны тұтынбау.
7. Тұтынушыға кеңес
Тағамды ыстық күйінде жеу.
Газдалған сусындар мен фаст фудты шамадан тыс тұтынбау.
Улану белгілері (құсу, іш өту, іштің ауыруы, әлсіздік) байқалса, дереу дәрігерге жүгіну.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов


