Дифтерия — адамның тыныс алу жолдары мен терісіне әсер ететін өте қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауруды қоздыратын бактерия — Corynebacterium diphtheriae. Дифтерия тез таралып, дұрыс емделмесе, ауыр асқынуларға әкеліп соқтырады. Негізгі белгілері — тамақтың ауыр ауырсынуы, жұтынудың қиындауы, дене қызуының көтерілуі және көбінесе жұтқыншақта ақ түсті қалың қақыршығының пайда болуы. Егер уақытында ем қабылданбаса, бұл қабыну тыныс алу жолдарын бітеп, адам өліміне әкелуі мүмкін.
Дифтерияның ең қауіпті жағы — оның токсиндерінің әсері. Бұл токсиндер жүрек, жүйке жүйесі және бүйрек сияқты маңызды ағзаларға зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан аурудың асқынуы жүрек бұлшықетінің қабынуына, жүйке талшықтарының зақымдануына және ауыр жүйке бұзылыстарына алып келеді.
Аурудың алдын алу үшін вакциналау ең тиімді әдіс болып табылады. Балаларға және ересектерге арнайы вакцина салу арқылы дифтериядан толық қорғануға болады. Сонымен қатар, гигиена ережелерін сақтау, аурудың таралуын азайтуда маңызды рөл атқарады.
Емдеу шараларының кешіктірілмеуі өте маңызды. Ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгініп, арнайы антибиотиктер мен токсинге қарсы сарысуды қолдану қажет. Бұл шаралар дифтерияның асқынуына жол бермей, өмірге қауіп төндірудің алдын алады.
Дифтерия – дұрыс қаралмаса, қауіпті және өмірге қауіп төндіретін ауру. Сондықтан оның алдын алу мен уақтылы ем қабылдау – денсаулықты сақтау мен өмірді қорғаудың басты кепілі.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов