Вторник, 15 июля, 2025
26.7 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚДанияр Асауов Достық ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды

Данияр Асауов Достық ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Ерімбетов Достық ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымына қайтадан сайланған Асауов Данияр Жолдасұлын таныстырды.

Д.Ерімбетов Д.Асауовты басым дауыспен сайлауда жеңгенін атап өтсе, Н.Саттаров жаңа басшыға өзекті мәселелерді белсенді шешуге, округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге тапсырма берді.

Айта кетейік, Д.Асауов 1968 жылы Мақтаарал ауданында туылған. 2009 жылы Қазақстан халықтар достығы университетін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1994 жылы «Жолдас» шаруа қожалығының жұмысшысы болып бастаған. 2006-2021 жылдар аралығында «Абай» өндірістік коперативінің төрағасы болып еңбек етті.

2021 жылдан қазірге дейін Достық ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ