Пятница, 11 июля, 2025
33.9 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚД.АСАУОВ: Округіміздегі ішкі жолдардың 95%-ы асфальтталған

Д.АСАУОВ: Округіміздегі ішкі жолдардың 95%-ы асфальтталған

2021 жылы сіздердің сенімдеріңізбен Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланған кезде, менің алға қойған басты міндеттерімнің бірі – ауылішілік жолдарды жөндеу болатын. Бұл – жай уәде емес, халықтың көптен күткен тілегі еді.

Бүгінде қуанышпен айта аламын – сол уәдемді толық дерлік орындадым!

Округігіміздегі ішкі жолдардың 95%-ы асфальтталып, халық игілігіне берілді. Күн жауса – шалшық жоқ, күн ысыса – шаң жоқ. Жазда да, қыста да тұрғындар үшін қатынас жеңілдеді.

Ауыл ішіндегі көшелер жаңарып, балабақша мен мектепке баратын жолдар тегістеліп, үлкендер мен кішілерге қолайлы жағдай жасалды. Бұл – сіздердің қолдауларыңызбен, бірлігімізбен атқарылған ортақ жұмыс.

✅ Ендігі мақсат – қалған 5% жолды жаңартып, Достық округіндегі жолдарды 100% асфальттау.
Егер 13-шілде күні өтетін сайлауда маған қайтадан сенім артсаңыздар – бұл міндетті де толық орындаймын деп уәде берем.

Мен бұған дейін де уәдемде тұрдым – бұдан кейін де солай болатынына сенімдімін. Сіздермен бірге бастаған жұмыстарымыздың жалғасын табуы үшін, 13-шілде күні өтетін сайлауда қолдау білдіріп, дауыстарыңызды берулеріңізді сұраймын.

БІРГЕ – БЕРЕКЕГЕ!
БІРЛІКПЕН – ӨРЛЕУГЕ!

Ізгі ниетпен,

АСАУОВ Данияр Жолдасұлы

Достық ауылдық округі әкіміне кандидат

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ