Пятница, 11 июля, 2025
26.8 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚД.АСАУОВ: МЕНІҢ ҰРАНЫМ – НАҚТЫ ІС ПЕН АШЫҚ ӘРЕКЕТ

Д.АСАУОВ: МЕНІҢ ҰРАНЫМ – НАҚТЫ ІС ПЕН АШЫҚ ӘРЕКЕТ


Құрметті Достық ауылдық округінің тұрғындары және сайлаушыларым!

Мен бұл сайлауға жай ғана кандидат ретінде емес, елінің ертеңіне алаңдайтын азамат ретінде келіп отырмын. Сайлауға түсу – үлкен жауапкершілік. Бұл – халықтың аманатын арқалап, сенімін ақтау жолындағы сын сағаты. Сондықтан, мен сіздерді өзімнің сайлауалды бағдарламаммен таныстыруды жөн көріп отырмын. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік, әрі Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға дайын екенімді білдіретін шешім.

Менің сайлауалды бағдарламам – нақты істерге негізделген, округ тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоспар.

🔹 Ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, тұрмыс деңгейін арттыру – басты басымдықтарымның бірі.

🔹 Медицина және білім саласын дамыту үшін ауылдардағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңартып, сапалы дәрігерлік көмек көрсетуді көздеп отырмын.

🔹 Таза ауыз су мен табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін кезең-кезеңімен шешуге күш саламын.

🔹 Ауылішілік және ауыл арасындағы жолдарды жөндеу, электр жүйелерін жаңарту – менің тікелей бақылауымда болады.

🔹 Жергілікті жастар мен оқушылардың спортпен айналысуына жағдай жасап, салауатты өмір салтын насихаттау – басты назарда.

🔹 Зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен отбасыларға мемлекеттік және жергілікті көмек көрсету механизмдерін тиімді іске асыруға күш саламын.

🔹 Жасөспірімдерге бос уақытын тиімді өткізуге арналған үйірмелер мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруға жағдай жасаймын.

Бүгінгі күн – болашақты бірге қалыптастырудың мүмкіндігі. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен сенімдеріңіз мен үшін маңызды. Әр айтылған пікір – алдағы жұмысымыздың айқын бағдары болады.

Менің ұраным – нақты іс пен ашық әрекет!
Халықпен бірге – халық үшін қызмет етуге дайынмын!


Ізгі ниетпен,

АСАУОВ Данияр Жолдасұлы

Достық ауылдық округі әкіміне кандидат

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ