Пятница, 11 июля, 2025
26.8 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚД.АСАУОВ: Бірге болсақ - алынбайтын асу жоқ

Д.АСАУОВ: Бірге болсақ – алынбайтын асу жоқ

Құрметті Достық ауылдық округінің тұрғындары мен қадірлі сайлаушыларым!
Сіздермен бірге өткен 4 жыл ішінде көп еңбек атқардық. 2021 жылы округ әкімі болып сайланған сәтте мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда ауылдарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға және ең бастысы – елді мекендерді толықтай табиғи газбен қамтамасыз етуге нақты уәде берген едім.
Бүгінде қуанышпен айта аламын – бұл мақсатымызға жеттік! Сіздердің қолдауларыңызбен, облыс пен аудан басшылығының көмегімен, сондай-ақ ауыл тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің арқасында Достық ауылдық округінің барлық елді мекендерінде 100% газбен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл – сіз бен біз үшін үлкен жетістік.


Сайлауалды бағдарламамда көрсетілген басқа да міндеттер толықтай орындалды деп сеніммен айта аламын. Енді, 2025 жылдың 13-шілдесі күні өтетін ауыл әкімін сайлауына өзімді қайтадан үміткер ретінде ұсынып отырғанымды жақсы білесіздер.
Өткен жылдары бірге жүріп өткен жол – мен үшін үлкен мектеп, үлкен жауапкершілік болды. Алда да бастаған істерімізді соңына дейін жеткізіп, ауылымыздың дамуын одан әрі жалғастыруды көздеп отырмын.
Мен сіздердің әрбір өтініштеріңізге, ұсыныстарыңызға, сыни пікірлеріңізге әрдайым құлақ астым. Алдағы уақытта да солай болады. Өздеріңізбен ашық әрі адал жұмыс жасау – менің басты қағидам.
13-шілде күні өтетін сайлауда мені қолдап, дауыс берулеріңізді сұраймын!
БІРГЕ БОЛСАҚ – АЛЫНБАЙТЫН АСУ ЖОҚ!

Ізгі ниетпен,

АСАУОВ Данияр Жолдасұлы

Достық ауылдық округі әкіміне кандидат

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ