Қазақстан Республикасында балалардың денсаулығын сақтау мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Осы мақсатта ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптар білім беру ұйымдарының жұмысын реттейді.
Оқу кабинеттеріне қойылатын талаптар
Бір оқу орнында бір сыныптағы балалардың саны 25-тен аспауға тиіс.
Арнайы мектептерде (түзету мекемелерінде) сыныптағы оқушылар саны 12-ден аспауы қажет.
Сынып бөлмесінің ауданы бір оқушыға кемінде 2,5 шаршы метр болуы тиіс.
Асхана мен тамақтану
Мектеп асханасы мен буфеттері санитариялық ережелерге сәйкес жабдықталуы қажет.
Балалардың тамақтануы арасындағы үзіліс 4 сағаттан аспауға тиіс.
Тағамның сапасы міндетті түрде күнделікті органолептикалық бақылаудан өтеді, нәтижесі арнайы журналға тіркеледі.
Гигиеналық жағдайлар
Әр білім беру нысанында жеке санитариялық тораптар болуы тиіс: қыздарға – бөлек, ұлдарға – бөлек.
Қызметкерлердің қол жууға арналған орындары сабынмен, дезинфекциялау құралдарымен және бір реттік сүлгілермен жабдықталады.
Сынып бөлмелерінде табиғи жарық деңгейі нормаларға сәйкес болуы міндетті.
Медициналық қызмет
Әр мектеп пен балабақшада медициналық пункт жұмыс істеуі тиіс.
Балалардың денсаулығын бақылау үшін дәрігер мен медбике қарастырылуы қажет.
Желдету және тазалық
Барлық оқу бөлмелері сабақ басталар алдында және әр үзілісте желдетілуі тиіс.
Ылғалды тазалау күніне кемінде екі рет жүргізіледі.
Бұл талаптар тек формальды шара емес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты кепілі болып табылады. Санитариялық нормалардың сақталуы білім беру процесінің сапасын арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер етеді.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова